Past TEDx event
TEDxArgynbekov Street
The metamorphosis of views
Speakers
Speakers may not be confirmed. Check the event website for the latest lineup.
Азамат Темірбаев
Азамат Темірбаев – кәсіби музыкант, бас-гитарист және композитор. Ол Павлодар облысы, Екібастұз қаласында дүниеге келген. Жеті жасынан бастап музыкамен айналысып, түрлі аспаптарда ойнауды үйренген. Азаматтың өмірлік ұстанымы – «Мен әлемді жүрегіммен көремін». Ол өзінің музыкалық мансабында көптеген шығармалар жазып, түрлі сахналарда өнер көрсеткен. Азаматтың шығармашылығы қазақ музыка мәдениетіне елеулі үлес қосып, тыңдармандар арасында жоғары бағаланады. Ол өзінің өнері арқылы қоғамға оң әсер етіп, мәдениеттің дамуына үлес қосуда.
Айдос Жұмағұлов
Айдос Жұмағұлов - Қаржы секторында 20 жылдық жұмыс өтілі бар цифрлық банкинг саласындағы сарапшы. Оның басшылығымен Қазақстан Республикасында теңдесі жоқ бірегей өнімдер - цифрлық ипотека, цифрлық автокредит және бизнес үшін цифрлық кредит іске қосылды.
Александра Крашинина
Александра Крашинина - social impact және білім саласының эксперті, Ұлттық еріктілер желісінің эксперті, “Connect-ed” қоғамдық қорының коммуникациялар менеджері.
Әйгерім Жұмағалитегі
Әйгерім Жұмағалитегі – эрготерапевт, Сүлеймен Демирел Университетінің ағылшын және француз тілдері филологиясы мамандығының түлегі. Өз саласына кеш келгенімен, жүрек қалауымен таңдаған мамандығы арқылы қоғамға пайдасын тигізуді мақсат еткен маман.
Әлия Әшім
Әлия Әшім – Бостон университетінің Коммуникация мектебінің магистрі, документалист және блогер. Ол «Қонаев дәуірі» мен «Ажырау» атты деректі фильмдердің авторы.
Дана Молдақұлова
Дана Молдақұлова - PhD кандидат, KAIST университетінің магистрі, KIMEP университетінің түлегі. Қаржыгер, экономист, жас ғалым, ESG этузиаст, FINNOVATION атты инвестиция сауатын арттыратын білім платформасының негізін қалаушы. KAIST KAZAKHSTAN жобасының жетекшісі.
Ескендір Бестай
Ескендір Бестай – педагог, тренер, Ustart жобасының жетекшісі, “Үйренуді үйрену” онлайн-курсының спикері, “Ата-Ана клубы” қауымдастығының модераторы.
Назгүл Қожабек
Назгүл Қожабек – 1982 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетін тәмамдаған. Филолог мамандығын кәсібіне айналдырып, аудармашы, редактор және контент-агенттіктің негізін қалаушы ретінде танылған. Сонымен қатар, ол «Калькасыз қазақ тілі» атты Telegram-каналдың авторы және Гарри Поттер кітаптар сериясының қазақ тіліндегі аудармашысы.
Роза Әшірбаева
Роза Әшірбаева - Бизнес пен қаржы бойынша коуч, кәсіпкер, бизнес-тренер, Astana Hub аймақтық кеңселер Амбассадоры. Танымал блогер болғандықтан, Роза ханымға тек қаржы тәлімгері ретінде ғана емес, отбасы және әлеуметтік мәселелерге қатысты да жүгінеді.
Тимур Бектұр
Тимур Бектұр - IT сарапшы, IT ағартушы, жеке кәсіпкер, медиа-тренер, “Timur Academy” онлайн және оффлайн білім беру орталығының негізін қалаушы. Бостон Университетінің (АҚШ, Маcсачусетс) “Үлкен деректер аналитикасы” мамандығы бойынша бітіріп, магистр дәрежесін алған.
Organizing team

Ayana Kuanyshbai
Shymkent, Kazakhstan
Organizer

Saken Turmakhanbet
Shymkent, Kazakhstan
Operations

Assanali Kaldybek
Almaty, Kazakhstan
Marketing/Communications

Zhaina Arystan
Shymkent, Kazakhstan
Marketing/Communications

Yana Shin
Team member

Diyorbek Makhamajanov
Shymkent, Kazakhstan
Marketing/Communications

Aizhan Yergeshova
Curation

Данияр Алан
Co-organizer